Басқару

Г. Манюрова: Рио-2016 олимпиадашылары Қазақстанның әлемдік спорт державасы екенін айқындады

Біз Қазақстан туын Олимпиада бойы көтеріп өттік, осылай жеңіске деген ұмтылысымызды байқаттық. Біз тағы бір мәрте Қазақстанның әлемдік спорт державасы екенін айқындадық. Бұл туралы Риодағы Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған Гюзель Манюрова мәлімдеді.
Астана қаласы26 Тамыз , 17:39

«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің қолдауыңыз бен қамқорлығыңыздың нәтижесінде мен тағы бір мәрте Олимпиада ойындарына қатыстым. Біз Қазақстан туын Олимпиада бойы көтеріп өттік, осылай жеңіске деген ұмтылысымызды байқаттық. Біз тағы бір мәрте Қазақстанның әлемдік спорт державасы екенін айқындадық. Бұл жеңіс  Қазақстанның, Елбасының «алтын» кезеңі. Құрметті Елбасы,  сізге зор денсаулық тілеймін, бізге қолдау көрсете беруіңіз  үшін күш-жігеріңіз азаймасын деп тілеймін», - деді Гюзель Манюрова.

Айта кетейік, төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика