Басқару

ҚР Президенті барлық спортшыларға жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тіледі (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XXXI жазғы Олимпиада жеңімпздарын марапаттау барысында барлық спортшыларға жаңа блестерді бағындыруда сәттілік тіледі.
Астана қаласы 26 Тамыз, 16:49

«Мен барша спортшыларға жігерлік көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Өткен олимпиадаларда өнер көрсеткен спортшылар алдағы сайыстарда алтын, күміс, қола әкелетініне сенімдімін.  Барлық делегация мүшелері кез келген шыңды еңбек арқылы бағындыруға болатынын көрді. Сондықтан барша спортшыларға биік мансап пен сәттілік тілеймін», - деді Елбасы.

Елбасы сондай-ақ, барша қазақстандықтардың атынан олимпиада медалінің алынуына үлес қосқан – бапкерлік құрам, ұлттық құрама мен олимпиадашылардың туған-туыстарына алғыс білдірді.

«Біз өткен Олимпиада чемпиондарын осы олимпиадағы жібермеу себебін білмейміз.  Спорттың аты спорт, жаттығуды жалғастыру керек.  Олимпиада чемпионы  үнемі дайындық үстінде болуы керек, себебі келесі Олимпиадаға барлығы дайындалады, ешкім қарап тұрмайды», - деді Ұлт көшбасшысы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев  Ольга Рыпакованың еңбегін ерекше атап өтті.

«Мен жеңіл атлетиканың бір шыңын Ольга Рыпакова бағындырғанын айтқым келеді.  Ол қолаға ие болды.  Ольганың  қоласы да алтынға тұрарлық. Себебі,  Лондон мен Рио арасындағы  уақытта  ол ұлды дүниеге әкелді. Қазір ол үш жаста. Ол екі баланың анасы бола тұра спорттық  тұлғасын сақтады. Бірінші ана, екіншіден, батыр ана», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында спортшыларымыз Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин алтын алды. Ал Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гүзел Манюрова күміс медальға қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова қола жүлдені еншіледі.

5-21 тамыз аралығында өткен Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика