Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астаналықтар «Ғасырлар елегінен өткен Қазақстан Конституциясы» атты көрмеде Қазақстан Конституциясын көре алады

Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арнап «Ғасырлар елегінен өткен Қазақстан Конституциясы» атты көрме өткізді.
Астана қаласы26 Тамыз , 19:57

Көрменің мақсаты –  көшпенділер заманынан осы уақытқа дейінгі заңдық құқықтың қалыптасуы мен дамуын көрсету.

Қазақ хандығы заңдарының жиынтығы, патшалық Ресейдегі дала заңдары, қазақтан шыққан тұңғыш заңгерлер, «Алаш орда» партиясының бағдарламасы, кеңес кезеңінің заңнамалық актілері мен шетелдік авторлардың Қазақстан жөніндегі еңбектері туралы құнды құжаттар көрмеден орын алған.

Сондай-ақ, көрмеде Ресейдің жоғарғы оқу орындарында үздік білім алған және бірнеше шақырылымдағы Мемлекеттік дума депутаттарының құрамында ұлттық мүддені қорғаған алғашқы заңгер-қазақтар туралы айрықша мұрағат құжаттары қойылғанын атап өту керек. Олардың ішінде – Ахмет Бірімжанов, Жақып Ақбаев, Тұрар Рысқұлов, Жанша Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Уәлитхан Танашев, Барлыбек Сыртанов, Абдолла Теміров, Сәлімгерей Жантөрин, Айдархан Тұрлыбаев бар.

Көрмеге қойылған бұл тарихи құжаттардың ізденушілер үшін мәні жоғары екенін айта кету керек.




Яндекс.Метрика