Басқару

Н.Назарбаев Рио-2016 жеңімпаздарына мемлекеттік наградаларды табыстады (ФОТО)

Бүгін жазғы XXXI Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендері мен мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Астана қаласы 26 Тамыз, 15:54

«Біз бұл медальдардың астарында спортшылардың  ерен еңбегі жатыр. Барша әлем өздерінің үздік, мықты спортшыларын жібереді. Кез келген медаль, ол қандай болсын  қжырлы еңбек арқасында келді. Шын жүректен баршаларыңды жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын», - деді Елбасы.

Айта кетейік,  аталмыш ордендермен мәдениет қайраткерлері, өнер мен мемлекеттік және қоғам қайраткерлері марапатталады. Сондай-ақ,  елдің рухани және зияткерлік  саласына жеке үлесін қосқан азаматтарға беріледі.

Атап өтсек, 5-21 тамыз аралығында өткен Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика