Басқару

Н. Назарбаев: Олимпиадалықтардың жеңісі көпэтникалық Қазақстан халқының бірлігін айқындады

Олимпиада медалі, жоғары спорт нәтижелері мен спортшылардың жетістіктері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отырған құрмет. Олимпиадалықтардың жеңісі көпэтникалық Қазақстан халқының бірлігін айқындады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанаты барысында.
Астана қаласы26 Тамыз , 15:28

«Құрметті, олимпиадалықтар, ардақты қазақстандықтар  сіздерді Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында  жоғары нәтиже көрсеткендіктеріңмен құттықтаймын. Олимпиада медалі, жоғары спорт нәтижелері  мен  спортшылардың жетістіктері   Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  арналып отырған   құрмет», - деді Елбасы.

Президент айтып өткендей,  Ұлттық құрама тек өзінің серіктестерінің ғана емес, барша қазақстандықтар мен жанкүйерлердің үмітін ақтады.

«Олимпиадада ұлттық құрама  әр түрлі спорт түрінен 17 медаль алды, бұл өзге Олимпиадардағы көрсеткіштерден жоғары. Ресми емес медальдік нәтижеде біздің құрама  270 команданың ішінен  22  орынды алды», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Олимпиадалықтардың жеңісі  көпэтникалық  Қазақстан халқының бірлігін айқындағанын айтып өтті.

«Біздің құрамада әр түрлі ұлт өкілдері бар,  бірақ бар Қазақстан сіздерге жанкүйер болды. Бізге осындай қуаныш сыйлағандарың үшін алғыс білдіреміз», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында спортшыларымыз Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин алтын алды. Ал Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гүзел Манюрова күміс медальға қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова қола жүлдені еншіледі.

5-21 тамыз аралығында өткен Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

 

 




Яндекс.Метрика