Басқару

Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Олимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанаты өтуде

«Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатын ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдергерлеріне құрмет көрсету шарасы басталды.
Астана қаласы26 Тамыз , 15:03

Ұлттық құрама мүшелері кортежбен Астана көшелерімен жүріп өтіп, «Қазақстан» орталық концерт залына келіп жетті.

Төртжылдықтың басты додасында еліміздің намысын 26 спорт түрінен 104 спортшы қорғады.

Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте қазақ елі 22-ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан рекорд жаңартты.+

Бұған дейін еліміз Атлантада - 11, Сиднейде - 7, Афиныда - 8, Бейжіңде - 13, ал Лондон Олимпиадасында 13 медаль еншілеген болатын. Ал осы жолы ұлттық құрама 17 жүлдені жеңіп алды.

Олимпиада ойындарында спортшыларымыз Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин алтын алды. Ал Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гүзел Манюрова күміс медальға қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова қола жүлдені еншіледі.

5-21 тамыз аралығында өткен Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

 

 

 




Яндекс.Метрика