Ұлттың денсаулығы

Астанада Рио Олимпиадасындағы жүлдегерлерді ұлықтау салтанаты өтті

Қазақстанның барлық қалаларынан келген тұрғындар мен қонақтар олимпиадалықтарды Бәйтерек монументі жанында қарсы алып, құрмет көрсетті.
Астана қаласы 26 Тамыз, 14:28

Бәйтерек монументі жанында Риодағы Олимпиада жүлдегерлерін ұлықтау салтанаты өтті. Қазақстандықтардың  Риода көрсеткен өнерін  үлкен экрандар арқылы көрсетіп өтті.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарында спортшыларымыз Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин алтын алды. Ал Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гүзел Манюрова күміс медальға қол жеткізсе, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко, Дариға Шәкімова қола жүлдені еншіледі.

5-21 тамыз аралығында өткен Рио Олимпиадасына 28 спорт түрінен 206 мемлекет пен босқындар командаларынан 10 мыңнан астам спортшы қатысты.Байрақты бәсекеде 306 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

 





Яндекс.Метрика