Өңірлер

Қызылорда облысында «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 18 жоба салынды

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін облыста 28 нысанның құрылысы жүргізілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда26 Тамыз , 18:57

Бүгінгі күнге  «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында өңірде Ұлттық қор есебінен тұрғын үй алаңдарындағы инженерлік коммуналдық инфрақұрылым құрылысына барлығы 18 жобаға 9 605,6 млн. теңге қаржы бөлінген. 2016 жылдың қорытындысымен көрсетілген қаржылар толық игерілді. 18 жобаның құрылысы аяқталып, 563,8 шақырым инженерлік желілер пайдалануға берілген. 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласындағы жылу желілерін жаңғырту мақсатында 7 жобаға Ұлттық қордан 997 176 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар өз деңгейінде жалғасуда»- деп атап өтті комиссия отырысы барысында  облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғазы Қожақов. 

Отырыста энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мерей Мейірбеков «Нұрлы жол» бағдарламасының облысымызда іске асырылуына тоқталып, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

 

 




Яндекс.Метрика