Мәдениетті жаңғырту

Астанадағы көрмеге Қазақстан Президентінің жеке мұрағатындағы құжаттар қойылады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған екі көрме ашылады.
Астана қаласы26 Тамыз , 12:53

Көрмелердің ашылуына мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, елордамыздың тұрғындары мен меймандары қатысады.

Еліміздің негізгі заңы қалай қабылданды, тарихи сәтке белсенді түрде атсалысқан жандар жайлы «Қазақстан Республикасының Конституциясы

Тәуелсіздігіміздің құқықтық негізі» тақырыбындағы көрме сыр шертеді. Экспозиция Елбасының жеке қорынан және кітапханасынан алынған материалдардан және басылымдардан тұрады. Оның ішінде Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуын баяндайтын аса құнды 68 ғылыми еңбекпен және альбомдармен танысуға болады: 10 томдық «Қазақтың Ата Заңдары», «Жеті жарғы», «Ұлы Дала өсиеті», «Нұрсұлтан Назарбаев: ел жігерін жандырған 70 сөз».

Көрмеге еліміздің басты құжатын қабылдау тарихы туралы бірегей мұрағат құжаттары ұсынылған. Олардың арасында Мемлекет басшысының сөйлеген сөздері, хат алмасулары, жұмыс материалдары, Н.Ә. Назарбаевтың түзетулері бар Ата Заң жобасының түпнұсқалары бар. Бүгінде Елбасы кітапханасында 1995 жылы қабылданған негізгі заң жобасының 19 нұсқасы сақталған.

 




Яндекс.Метрика