Өңірлер

Оралда ТКШ инфрақұрылымды жаңғырту аясында жұмыстар жүргізілуде

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында "ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сумен жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері" бағытын бақылайтын партиялық бақылау комиссиясының жиыны жылу магистралі құбырларын қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жерде өтті.
Батыс Қазақстан26 Тамыз , 12:09

Белгілі болғандай уақытылы құбырлардың келмеуінен жөндеу жұмыстары кешіктіріліп, тек шілде айында басталған. Аталмыш участкіде құбырлардың жөндеу көрмегеніне жиырма жылдан асқан.

Қазіргі уақытта Орал қаласында ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, сумен  жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселелері бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қала аумағында жалпы 9 құрылыс нысанына 1905,257 млн. теңге бөлген.

2016 жылы қала аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін 419,0 млн теңге, үйлерді абаттандыру және үй аралық жолдарды қалпына келтіру мақсаттары үшін ұлттық қордан 14 нысанға 1835,146 млн. теңге, су құбырларымен, канализация құбырларын қалпына келтіру жұмыстары үшін, жалпы сомасы 1 529,860 млн. теңге құрайтын 12,8 км құбырлар жөнделеді.


 




Яндекс.Метрика