Инфрақұрылымның дамуы

Астана Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қасбеті жасалуда

Астана Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта жаңарту жұмыстары 2014 жылдың қарашасында басталды, деп хабарлады ҚТЖ.
Астана қаласы26 Тамыз , 13:34

Қайта жаңарту жұмыстары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асуда. 

Жоспар бойынша қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың І жартыжылдығында аяқталады. 

Қазіргі уақытта терминал ғимаратының қабырғалары көтеріліп, қасбеті жасалуда. Еден, төбе, бөлме аралықтарының құрылыс-монтаж жұмыстары мен ішкі инжинерлік коммуникацияларды өткізу жұмыстары жүргізілуде. Перрон құрылысы мен инжинерлік инфрақұрылым құрылыстары басталды. 

 Жаңа терминалдың қуаттылығы жылына 4,6 млн. жолаушыны құрайды. Қазіргі терминалдың өткізц қабілеті жылына 3 млн. жолаушыны құрайды. Астана әуежайы жылына 7,5 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шаршы метр.Жаңа терминал заманауи жабдықтармен жабдықталады. 

 

 




Яндекс.Метрика