Ұлттың денсаулығы

Универсиада-2017: Қазақстанға алғаш рет халықаралық еріктілер тартылады

«Күміс жасындағы» еріктілер Универсиадаға атсалысу үшін өз өтініштерін жіберуде. Мәселен, 60 жастағы Мургаева Галина Универсиада дирекциясына бас сұғып, еріктілер анкетасын толтырды, деп хабарлады Универсиада дирекциясы.
Алматы қаласы26 Тамыз , 10:47

«Бүгін мен 2017 жылғы Универсиада дирекциясына бардым. Барлық ынталы адамдарды ерікті болуға шақырамын»,-деді  Мургаева Галина.

Алматыда 55 жастан жоғары адамдар өздеріне жаңа сала – еріктілікке қосылуда. Соның үшеуі шетелдіктер -  Бельгия, Норвегияжәне Ресей азаматтары. Универсиада олар үшін өздерін белсенді сезінуге, жастарға білімі мен өмірлік тәжірибесін бөлісуге тамаша мүмкіндік береді.  

Алматыда, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық пен оны өткізуде 3000 ерікті алдағы Ойындарды ұйымдастыруға 3000 ерікті жұмылдырылмақ.   Бүгінгі таңда, қазақстандықтар мен шетелдік 5000 азамат ерікті болуға ықылас білдірген.

Алғаш рет, Қазақстанда ірі спорттық шараларды өткізуде халықаралық еріктілер тартылмақ. Сондай-ақ, Қазақстанның әр аймағынан белсенді азаматтар шақырылады.

Қыркүйек айында, Алматы әкімдігінің қолдауымен ЖОО-нан еріктілердің негізгі тобын іріктеу басталады. Артынша, қазан айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін олардың біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер ұйымдастырылады. 




Яндекс.Метрика