Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Семей ядролық полигоны: Адамзатты сақтап қалған Қазақстан басшысының тағдыршешті шешімі

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бастамасымен 29 тамызда бар әлем бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн атап өтіледі. Бұл бастаманы Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясында ұсынған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі Қазақстанның жаңа тарихын ашып берді, адамзатқа ядролық сынақтарсыз болашақ сыйлады.
Казахстан26 Тамыз , 10:03

«Сізден басқа ядролық сынақтарды тоқтатуға ешкім лайықты емес, себебі сіздің халық оның зардаптарын шекті», - БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 2010 жылы Қазақстанға келген сапарында Нұрсұлтан Назарбаевқа осылай деді.

Сондай-ақ, Пан Ги Мун Қазақстан Президентіне әлемдік ядролық сынаққа қарсы қозғалысты басқару керектігін айтты.

Семей полигонындағы сынақтар тарихтың драмалық парақтары болып сақталады, Н.Назарбаевтың ядролық сынақтарды жабу туралы тағдыршешті шешімі  бұқаралық жоюға арналған қаруды тоқтатуға арналған алғашқы шешім болды.

«Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық өткенге кетіп барады. Әрбір адам немесе саясаткер мен 20 жыл бұрын бастан кешіргенімді елестете алмайды.  Бұл зұлымдықты жеңген қуаныш болатын. Алдымен Кеңес Одағының әскери-өндірістік кешенінің қарсылығына төтетіп беру керек болды. Ол кезде Горбачевтің басшылығына да қарсы шықтық.  Жыл өткен сайын бұл шешімнің өркениеттілігі арта түсті», - деді Н.Назарбаев 2011 жылы «Ядролық қарусыз әлем» атты Халықаралық форумда.

Респу­блика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозға­лыс ядролық жарылыстарға қарсылық біл­діріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақ­сат етті, Семей ядролық полигонында ядро­лық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды.
Оларды Семей, Павлодар, Өске­мен, Жез­қазған жұмысшылары және сон­дай-ақ Жо­ғарғы Кеңес қолдады.  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы Семей қаласындағы бөлімшесінің 1989-2000 жылдары алғашқы төрағасы болған Марат Мауытқанұлы Оразалин қозғалыстың құрылған кездерін былай деп еске алады: -1989 жылы ақпанның 12-і мен 18-і күндері әскерилер ешкімге ескертпей, Семей полигонында атом бомбасының сынағын өткізді. Сынақ кезінде жердің жарығынан оқшау (инертті) газдар ауаға бөлініп шыққан екен.

Улы газ алдымен Курчатов қаласының маңындағы Шаған қаласын басып, артынан жел тұрып, газды Алтай өңіріне айдап әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі Қазақ КСР Коммунистік партиясының Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО Орталық комитетіне сынақты тоқтатып, сол жердің халқына көмек көрсетуді талап еткен мазмұнда шифрограмма жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған шаралардың бірі болатын.

1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. 

Халықтың бас­тамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қа­руды сы­науға тыйым салу – мораторий жасау тура­лы ше­шім шығарды. Қазақстан Респу­бли­касының егемендігі туралы Декларацияда ел аума­ғы ядро­сыз аймақ деп жарияланды. Қазақ­стан Пре­зиденті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полиго­нын жабу туралы Жарлығы – 1991 жыл­дың 29 тамызы күні шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақ­сатына жетті.

Қозғалыстың бел­сенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары ден­сау­лығы мен экологиясын сауықтыру және эконо­ми­касын дамыту мақсатындағы халықаралық ынты­мақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қара­рын қабыл­дады.

Семей сынағының құрбаны - белгілі суретші, АТОМ жобасының Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков. Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да мойымаған ол қылқаламын тісіне серік етіп, ядролық сынақ зардабын бейнелейтін туындыларын майлы бояумен кенеп бетіне түсіріп келеді. Сұхбаттарын оқып отырып ұққанымыз ол, әлі күнге дейін түнде түсіне кірген қызыл жалын "саңырауқұлақтан" шошып оянады екен. Сонымен қоса ол АТОМ жобасы аясында АҚШ, Голландия, Норвегия, Германия, Австрия, Швейцария секілді бірнеше елдерде өз көрмесін өткізіп үлгерген. Өз сөзімен айтсақ ол ядролық сынақ зардабын шет елдерге дәріптеп сынақтың соңғы құрбаны болу.

Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29-тамыз халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшілік сүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында танылып келеді. 

Кроме того, Манифест Нурсултана Назарбаева «Мир. XXI век» с которым наш Президент 5 апреля текущего года выступил с трибуны Саммита по ядерной безопасности в Вашингтоне стал официальным документом Генеральной Ассамблеи и Совета Безопасности ООН.

«Біздің тәжірибеміз – өзге  елдерге арналған бағдарлама, ішкі,  сыртқы саясатты құрып, әлемді бейбітшілікке шақырудың нұсқасы. Қазақстан соғысты тоқтату үшін өзінің нұсқасын ұсынып, шешім қабылдады.  Елбасының Манифесі – БҰҰ ресми құжаты атанған. Біз, қазақстандықтар  Елбасының ерлігін мақтан тұтуымыз керек», - деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика