Ұлттың денсаулығы

Олимпиада ойындарының жүлдегерлері нағыз патриот екендерін дәлелдеді – Құлыбаев (ФОТО)

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары және жүлдегерлерімен кездесті.
Нұр-Сұлтан 25 Тамыз, 18:19

«XXXI жазғы Олимпиада ойындары өте сәтті аяқталды. Бірінші кезекте спортшыларды жеңіп алған жүлделерімен құттықтаймын. Сіздер біздің елдің намысын абыроймен қорғадыңыздар. Мықты рух пен шеберлікті, еліміздің нағыз патриоттары екендеріңізді көрсете алдыңыздар. Спорттағы жеңіс – қажырлы еңбек пен бапкердің шеберлігі арқылы келетін нағыз ерлік. Сондай-ақ мемлекеттің қолдауы да аса маңызды», – деді Тимур Құлыбаев.

Осы Олимпиада ойындарында чемпион атанған, боксшы Данияр Елеусінов сөз алып, қолдау білдірген жанкүйерлері мен спорт басшыларына алғысын білдірді.

«Бірінші кезекте, тек Олимпиада кезінде ғана емес, оған дайындық уақытында да көрсеткен қолдауыңыз үшін Тимур Асқарұлы сізге алғысымды білдіремін. Біздің жеңіп алған жүлделерімізде сіздің де еңбегіңіз бар. Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев ағаларымның салған сара жолын жалғастыра алғаныма қуаныштымын. Біз Қазақстан боксының әлемде үздік екенін тағы да дәлелдей алдық», – дейді Данияр Елеусінов.

Сурет: Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика