Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандық мемлекеттілікті құру мақсаты сәтті орындалды - Рогов

Астана қаласында Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь Рогов бастаған Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция күніне орайластырылған «Конституция – мемлекет заңдылығының құқықтық іргетасы, Қазақстанның қарқынды дамуы мен тұрақтылығының негізі» тақырыбында брифинг өткізді.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 19:59

«Қазақстан мемлекеттің барлық атрибуттарымен егеменді және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасты. Халық ғасырлар бойы армандаған қазақстандық мемлекеттілікті қайта жасау бойынша тарихи міндеті табысты орындалды. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кірді және «Қазақстан-2050» Статегиясының – дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетуге ілгерілеуде состоялся как суверенное и равноправное государство со всеми атрибутами государства.», - деп атап өтті Кеңес басшысы.

КК Төрағасы Игорь Рогов талқылау барысында елдің Негізгі Заңының нығайтушы рөліне ерекше назар аударды.

«Негізгі Заңды құрметтеу, конституционализм идеялары мен қағидаларына шынайы берілгендік, оларды жаппай мақұлдау мемлекет алдында тұрған жоғары мақсаттарға жетудің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген бағытты мүлтіксіз қолдану қажеттілігі жыл сайын қоғам санасында көбірек сіңірілуі тиіс.», – деп қорытындылады  И.Рогов.  

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы  1993 жылы қабылданды. Егемендікті заңды ресімдеу үдерісін біржола аяқтаған қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы жалпыхалықтық реферндумда қабылданды. Ол өзіне жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізгі элементтерін қамтиды:  территориялық бүтіндік, азаматтық, қолданыстағы құқық, мемлекеттік тіл, халықаралық субъектілік құқығы, мемлекеттік билік органдары жүйесі және т.б.

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы»  Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСРО  мемлекеттің егемендігі туралы Декларациясындағы негізде елдің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.




Яндекс.Метрика