Білім беру

Астанада аз қамтылған отбасылардың 39 оқушысына мектеп формасы мен сөмке табысталды

«Мәдениет», «Қараөткел», «Асу», «Самғау», «Санитарлық авиация», «Даз Хозу» біріншілік партиялық ұйымдары аз қамтылған отбасылардың 39 оқушысына мектеп формасы мен сөмке табыстады.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 19:38

«Нұр Отан» партиясы «Баланы мектепке әзірлейміз» акциясы аясында  оның ішінде астаналық «Бірлік» филиалы  39 балаға көмек көрсетті.

«Қазір біз 39 балаға көмек көрсеттік, біздің өңірлік филиалда 35 партиялық ұйым бар, бүгін оның жетеуі акцияға қатысты.  Әрбір партиялық ұйым белгілі бір отбасының жағдайына жауапты. Бүгін балаларға мектепке қажетті құралдарды тапсырдық», - деді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» жастар филиалы кеңесінің төрағасы Шыңғысхан Қожахметов.

Айта кетейік, 2014 жылы «Бірлік» партиясының күшімен мекен-жайлық көмек  70 отбасының 90 баласына көрсетілді. 2015 жылы 272 балаға көмек көрсетілген болатын.

 

 




Яндекс.Метрика