Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қарағанды облысында осы жылы 162 шақырым жол жөнделді

Қазіргі кезде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы ұзындығы 64 шақырымға жуық бірнеше учаскелерде және көктем тасқындарынан зардап шеккен екі су өткізетін құбырларда жөндеу жұмыстарын бітірді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.
Қарағанды25 Тамыз , 18:19

Жылдың соңына дейін тағы 98 шақырым мемлекеттік деңгейі бар автожолдарын жөндеп, оның 91 шақырымын пайдалануға тапсыруы жоспарланған.

Орташа жөндеу жұмыстары «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз», «Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау» және «Қызылорда-Павлодар-Ресей шекарасы» автожол учаскелерінде аяқталған. Осы айтылған барлық учаскелерде жол төсемінің жоғарғы қабатын қалпына келтіру үшін арнайы кешенді жұмыстар өткізілді, жол құламалары сырт-бұдырлық өңдеу технологияларының қолданысымен жөнделінді.

2015 жылғы тасқындардан зардап шеккен «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының Кульса өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеуі өткізілді. Осы объектіде жөндеу жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 2016 жылдың шілде айына дейін өткізілген. Жөндеуден кейін көпірдің жүретін жолы кеңейтілді, ал көпірдің ұзындығы 3 есе ұлғайтылды, ол көпірдің жүк көтергіштік қабілетін күшейтті. Қазіргі кезде көпір автокөлік қозғалысы үшін ашылған.

Биылғы жылы «Астана-Рождественка-Киевка-Теміртау» автожолының 21 шақырым учаскесінің күрделі жөндеуі аяқталынады, оның құрамындағы Көкпекті өзені арқылы өтетін көпір толығымен жөнделген. Осы учаскені 2016 жылдың қараша айында пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Сонымен қатар «Бастау-Ақтау-Теміртау» объектісінде ұзындығы 41 шақырым автожолдың 7 шақырымы осы жылы жөнделінеді. Толығымен жөндеу жұмыстары 2017 жылы аяқталынады.

«Жезқазған-Қарағанды» автожолының ұзындығы 12 шақырым аса күрделі автожол учаскелердің ағымдағы жөндеуі аяқталғанын белгілеу жөн. Қазіргі кезде осы учаскелерде автокөлік қозғалысы ашылған.

15 тамызда автожол мамандары «Жезқазған-Қарағанды» жолының тағы 6 шақырымында ағымдағы жөндеуді бастаған, жұмыстың аяқталуы 2016 жылдың қараша айында аяқталады.

Жөндеу жұмыстарының өткізілуі айтылған учаскелердің көліктік-пайдалану көрсеткіштерін жоғарылатты, қозғалыс қатысушылардың жайлылығының деңгейін көтерді.

 

 

 




Яндекс.Метрика