Білім беру

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде «Kundelik.kz» ақпараттық білім беру кеңістігі жұмыс істейді

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде «Kundelik.kz» ақпараттық білім беру кеңістігі жұмыс істейді, деп хабарлады БҒМ.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 18:56

Жаңа оқу жылынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жаңа «Kundelik.kz» бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі іске қосылады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл жүйе еліміздің кеңжолақты Интернетке кіру мүмкіндігі бар барлық мектептерде қолданылады.  

«Kundelik.kz» жүйесін өңдеу және енгізу – білімді ақпараттандыру бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асырылған жоба. Жобаның ерекшелігі, «Kundelik.kz» мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмай, мектептерге тегін пайдалануға берілмек.  

««Kundelik.kz» қосымша тегін және коммерциялық білім беру  сервистерімен біріктіреледі.  Kundelik.kz жүйесі педагогтарды қағазбастылықтан құтқарып, оқушылар үлгерімі жөніндегі статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өндеуді, сондай-ақ, білім алу процессіне қатысушылардың арасындағы коммуникацияны жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Kundelik.kz-тің еліміздің барлық аймағында енгізілуі қала мен ауыл мектептерінің арасындағы «сандық тепе-теңсіздікті» жоюға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.  

Ақпараттық жүйенің көмегімен оқушылардың ата-аналары еліміздің қай түкпірінде болмасын, өз балаларының мектептегі үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалап, сабақ кестесі, берілген тапсырмалары туралы мәліметтерді білуге, сондай-ақ, электрондық білім беру ресурстарына тегін негізде қол жеткізеді.

 




Яндекс.Метрика