Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Астанадағы «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясы 50 елдің делегаттарын біріктіреді

29 тамыз күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Ядролық қарусыз әлем құру» конференциясы өтеді. Осы уақытқа дейін аталған шараға 50 елдің өкілдері қатысуға ниет білдірді. Бұдан бөлек, көптеген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық конференциясы туралы хабар таратады.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 16:59

Сенатор Икрам Адырбековтің айтуынша, конференцияны ұйымдастырушылар – ҚР Парламент Сенаты мен Сыртқы істер министрлігі.

«Сондай-ақ бұл бастамаға бірқатар халықаралық ұйымдар атсалысып отыр. Конференцияны Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізеді. Аталған шара Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай өткелі отыр», - дейді И.Адырбеков.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, төрт тақырыптық отырыс барысында әлемнің 50 елінен келетін 200-ге жуық қатысушы – халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парламенттік қоғамдастықтың мүшелері, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері қарусыздану және ядролық қаруды таратпаудың өзекті мәселелерін талқылайды. Конференция аясында ядролық қарусыздану мәселелеріне арналған көрме болады.

Соның ішінде «Атом» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі де бар. Форумға 200-ден астам қазақстандық және әлемнің 25 елінен келген 50 шетелдік журналист тіркелді.

Қазақстан Президентінің бұл саладағы бастамалары 2016 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жаһандық серпіліс тудырды.

Мемлекет басшысы «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифест жариялап, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болды. Құжатта барша адамзаттың мүддесін қорғайтын өзекті тақырыптар төңірегінде Қазақстанның нақты ұстанымы айқындалған.

 




Яндекс.Метрика