Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы ең ауқымды бітімгерлік бастамалары

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ОКҚ брифингінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең ауқымды бітімгерлік бастамалары туралы айтып өтті.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 14:57

1.ССП жабылуы

Семей ядролық полигонының жабылуы әлемдік жетекші державалар үшін үлкен жаңалық болды, біздің елдің арсеналы әлем бойынша төртінші орында тұрған еді. Өз елінде ядролық қаруды иеленіп отырып, алыс және жақын шетелдік  елдермен ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас құруды жалғастыруға болатын еді, бірақ бұл Президенттің жаһандық жауапкершілігі, ол жетекші әлемдік державалардың қолдауымен шешім қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қояды

2. БҰҰ Жалпыға ортақ Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларацияның қабылдануы

Василенко айтып өткендей, Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация - 2011 жылы 12 қазанда ҚР-ның Елордасы - Астана қаласында қабылданды. Бұдан бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ шеңберінде белгіленген ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар аясында Астана мен Семей қалаларында ядросыз әлем құру мәселесіне арналған екі күндік халықаралық форум өтті.

3.Ядролық сынақтарға  жаппай тыйым   салу  жөніндегі келісім (ЯСЖТК)

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі келісім қол қою Нью-Йорк қаласында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ашылды. ЯСЖТК-не сәйкес, әрбір мүше мемлекет ядролық қарудың сынақ жарылысын жүргізбеуге, өз құзіретіндегі немесе бақылауындағы кез келген жерде ядролық жарылыстарға тыйым салуға және алдын алуға міндетті.

Қазіргі таңда Келісімге 183 мемлекет қол қойып, 163-і бекітті. Келісімнің күшіне енуі үшін ядролық әлеуетке ие 44-мемлекет тарапынан бекітілуі қажет. Келісімге Үндістан, КХДР және Пәкістан қол қойған жоқ, ал Египет, Үндістан, Иран, Израиль, ҚХР, КХДР, Пәкістан және АҚШ бекітуден өткізген жоқ.

Қазақстан Келісімге 1996 жылғы 30 қыркүйекте қол қойып, 2001 жылғы 14 желтоқсанда бекітті.

Қазақстанның тең төраға болуы кезеңіне айтулы халықаралық оқиғаларға тұспа-тұс келеді; 2015 жылдың тамыз айында Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларының атом бомбасынан зардап шеккеніне байланысты қайғылы оқиғаға 70 жыл болады, 2016 жылы Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімшарттың бекітілуінің 10 жылдығы атап өтіледі, ЯСЖТК-қол қоюға ұсынудың 20 жылдығы атап өтіледі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы таяудағы бастамаларының бірі АТОМ жобасы – ЯСЖТК күшіне енуін ауқымды қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі ғаламдық науқан болып табылады. Бүгінгі таңда әлем басшыларына жобаның онлайн-петициясын жүзден астам елден 100 мың адам қол қойды. ЯСЖТК қол қою үшін 1996 жылы қыркүйекте ашылған болатын. Бүгінгі таңда 183 ел қол қойып, 163 ел ратификациялады.

4.Қазақстан мен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы келісім (МАГАТЭ)

«Қазақстанның атомдық әлемге енгізген  тағы да бір қауіпсіздік бастамасы  Астанада 2015 жылдың 27 тамызында жүзеге асты. Қазақстан мен Халықаралық атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасында келісім орнатылды. Келісімде Үлбі металлургия зауытына аз байытылған уран банкін салу қарастырылған.

5.  «Әлем.  XXI ғасыр» Манифесті

«Белгілі болғандай, 31 наурызда  Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит алаңында Елбасы «Әлем.  XXI ғасыр» Манифестін ұсынды.

Аталмыш құжат әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, үздік саясаткерлер тарапынан қызығушылық танытты», - деді Р.Василенко.

Оның айтуынша, Манифест  Қазақстанның  сыртқы саясатын жүргізудегі нақыт бағыттаушы болып отыр.

 6.АТОМ жобасы. Жаһандық антиядролық қозғалыс

29 тамыз– БҰҰ ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні, АТОМ жобасы барлық ел халқын ядролық сынақтың құрбанына айналған адамдарды еске алуға шақырады.

Біз адамдарды 11:05-те жергілікті уақыт бойынша құрбандарды еске алуға шақырамыз. Бұл уақытта барлық сағат латынның V әріпін көрсетеді,ол Жеңістің символы.

2012 жылдың 29 тамызында Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Президент Назарбаевтың атап өткеніндей, «ядролық қарусыз әлем - бұл біздің ортақ мақсатымыз әрі адамзат осыған ұмтылуы керек.

Бүгінгі күні 100 елдің 90 мың азаматы АТОМ жобасының онлайн петициясына қол қойды.

40 жыл ішінде Семей полигонында   450 сынақ жүргізілген, міне  осының  салдарынан  бір жарым миллион адам қасірет көрді. Сондықтан 1991 жылы 29 тамызда Мемлекет Басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев ойланбай-ақ, Семей ядролық  полигонын жабу туралы жарлық шығарды. Бірнеше жыл өтісімен, дәл осы күн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы әрекет ету күні болып аталды. 

 

 




Яндекс.Метрика