Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

К.Күйіков: Менің бұл өмірдегі мақсатым – тарихта ядролық сынақтардан жәбір көрген ең соңғы құрбан атану

Мен ядролық сынақтардан бас тартқан алғашқы елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Менің бұл өмірдегі мақсатым – тарихта ядролық сынақтардан жәбір көрген ең соңғы құрбан атану, деді өз сұхбатында қазақстандық суретші және ядролық сынаққа қарсы белсенді Кәріпбек Күйіков.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 15:18

Бүгін Ұлттық музейде  «Невада-Семей»  антиядролық  қозғалыстың  мүшесі  Кәріпбек Күйіковтың  жеке көрмесі  өтті. Көрме антиядролық тақырыпқа арналған,  суретші өзінің жаңа жұмыстарын көрсетті.

«Негізінде  тақырыптардың барлығы ядролық сынаққа байланысты, биыл Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толып отыр. Қазақстан халқына айтарым, біз осы 25 жыл ішінде ауқымды жұмыс атқардық. Біз ядролық сынақтардан бас тартқан алғашқы елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымызды мақтан тұтуымыз керек. Ядролық сынаққа байланысты менде 25 картина бар. Бірақ, маған пейзаж салған көбірек ұнайды. Табиғатты сұлу пішінін бейнелеймін. Мен барлығын сол сұлулықты сақтап қалуға шақырамын. Менің  бұл өмірдегі мақсатым –  тарихта ядролық сынақтардан  жәбір көрген ең соңғы құрбан атану», - деді ол.  

Суретші атап өткендей, оның портреттері ядролық сынақтың құрбаны болған ададмарды бейнелейді.

«Менде Семейде тұратын балалар портретінің сериясы бар, олар олықылықтармен туған. Ол суреттегі балалардың көзін көрген адамдар ядролық қарудың бізге  керек еместігі жайлы ойланады», - деді ол.

Суретші атап өткендей, болашақ ядролық сынақсыз өтуі керек, біз келер ұрпаққа қауіпсіз болашақты тапсыруымыз керек.

«Президент өзінің Жарлығымен  полигонды жапты, онда 40 жыл бойы ядролық сынақ жүргізілген болатын. Бұл біздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамымыз деп ойлаймын», - деді ол.

К.Күйіков айтып өткендей, өзінің қуантарлық әрі күйінішті оқиғасымен бөлісті. Суретшінің өмірін бірегей және тағдыршешті деп айтуға болады.  К.Күйіков Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Бұл өңір Семей полигонына жақын болғандықтан зардап шеккен болатын.

«Мен Егіндібұлақта 1968  жылы Семей полигонынан 100 шақырымдық жердегі қарапайым қазақ отбасында дүниеге келдім. Мен өмірге келгенде анам ауыр жағдайды бастан кешірді, ол үш күн маған жақындай алмады. Дәрігерлер ата-анамды қасіреттен айықтыратын бір екпе салуды ұсынды бірақ, әкес дұрыс шешім қабылдап қайсарлық танытты. Ол менің бұл өмірдегі орнымды тауып беруге мүмкіндік берді. Мен ядролық тақырыпқа барлық өмірімді арнадым. Өз жұмысымда мен өз жағдайымда ғана емес, мыңдаған отбасылардың оқиғасын жеткізігім келеді. Мен бар әлемге Семей полигонында не болғанын  жеткізгім келеді, олар бұл жағдайдың алдын алғанын қалаймын. Біз әлемдегі барлық ядролық сынақты жойсақ, ешкімнен қорғанудың қажеті болмайды. Бұл мақсатқа бірге баруымыз керек. Мен ядролық сынақтардан бас тартқан алғашқы елдердің бірінде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын», - деді суретші.

Ан­тиядролық қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған 18 ядролық сы­нақ­ саны 7-ге дейін азайтылды. Ең соңғы яд­ро­лық сы­нақ осы жылдың 19 қазанында жасалды. 

Айта кетейік, Семей полигонында 40 жылға созылған сынақтар барысында 470 ядролық жарылыс жасалды. Оның 118-і жер үстінде, 352-сі жер астында өткізілді. Ядролық жарылыстармен бірге Семей полигонында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс болды. Семей полигонындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында жасалды. Содан кейін Семей полигоны Қазақстан президентінің жарлығымен 1991 жылғы 29 тамызда жабылды

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика