Өңірлер

Ақмола облысында балалар үйі қайта жөндеуден кейін пайдалануға берілді (ФОТО)

Ақкөл қаласында № 1 Ақкөл балалар үйі қайта жөнделуден кейін ашылды.
Ақмола 25 Тамыз, 17:54

Облыс әкімдігі хабарлағандай, Ақкөл балалар үйі жарты ғасыр бұрын салынған ғимаратты паналап келді. 2015 жылы облыс әкімі Сергей Кулагиннің тапсырмасымен бүгінгі балалар үйіне күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын.

Ол үшін бюджеттен 761,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде, 145 орындық нысанда балалардың тұрып, білім алуына және спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Оған қоса интернет клуб бар.

Заман талабына сай жабдықталған балалар үйіне Степногор қаласындағы балалар үйінен 40 тәрбиеленуші жеткізілді. Ондағы балалар үй алдағы уақытта балабақша ретінде пайдаланылатын болады.

 





Яндекс.Метрика