Білім беру

Қазақстанның бірінші сынып оқушылары жаңартылған стандарт бойынша білім алады

2016 жылы Қазақстанда жаңартылған стандарт бойынша 380 мың бірінші сынып оқушысы білім алады. Бұл туралы ОКҚ-да БҒМ Білім беру және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 11:46

«2016 жылы Қазақстанда  жаңартылған стандарт бойынша 380 мың бірінші сынып оқушысы білім алады», - деді ол.

Бөлебаева айтып өткендей, бірінші сыныпқа арналған оқулықтар 30 пилоттық мектепте енгізіліді, сараптаудың барлық кезеңінен өтті. Республикалық комиссия ұсынып, әдебиет қатарына енді.

«Жаңартылған мазмұн бойынша  оқу әдебиетінің 24 түрі әзірленді. Бүгінгі таңда баспалармен оқулық және оқу-әдістемелік құрал шығарып беру бойынша  келісім орнатылды», -деді ол.  

 

 

 

 




Яндекс.Метрика