Өңірлер

ШҚО-да балаларды мектепке апаратын жаңа автобустар сатып алынады

Шығыс Қазақстанның щалғай ауылдарының оқушыларына 28 автобус қажет, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Тамыз , 16:17

«ШҚО-ның 382 жергілікті пунктінде мектептер жұмыцс істемейді. Онда  төрт жарым мыңнан астам  мектеп жасындағы оқушы тұрады. Биыл тасымалдауды 175 автобус жасап, оқушылардың 80 пайызын қамтыған болатын», - делінген хабарламада.

Мәліметтер бойынша, бірінші қыркүйекке таман 40 млн теңгеге 8 бірлікті сатып алу жоспарланған. Тағы 28 автобус қажет. Бұл мәселе балалардың мектепке қауіпсіз баруын қамтамасыз етеді.

 




Яндекс.Метрика