Инфрақұрылымның дамуы

Қазақстанда үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 31 мектеп салынды

Қазақстанда үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 31 мектеп салынды. Бұл туралы ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева «Оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» деген тақырыпта өткен ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 11:23

«1 қыркүйек күні 2,5 млн оқушы мектепке барады. Мәлімет бойынша, бірінші сынып оқушылары 370 мың оқушы болмақ.  ЖАО ақпараты бойынша, жаңа оқу жылы қарсы алатын мектептер жүйесі 7126 бірлікті құрайды. Биыл 92 мектепті пайдалануға беру жоспарланған,  1 қыркүйекке дейін 60 берілсе, жл соңына дейін 32 мектеп ашу қарастырылған», - деді ол.

Келтірілген мәлімет бойынша, биыл салынған 92 мектептің 31-і үш ауысымды мектептерді азайту үшін салынды. 29 апатты жағдайдағы мектептерді жойып, 14 оқу орнының тапшылығын жою үшін бағытталды.

 «Жыл соңына дейiн 82 мектепке дейiнгi ұйым, оның iшiнде ұлттық қор есебiнен 11 балабақша ашу жоспарланып отыр. Нәтижесiнде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту 82,7 пайызды құрайды. Биыл 1371 мектепке дейiнгi ұйым күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етуде. Оның iшiнде 81,1 пайыз мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымына жөндеу жүргiзуге қаржы қарастырылған. Бүгiнгi таңда 94,8 пайыз мектепке дейiнгi ұйымда жөндеу жұмыстары аяқталды. Барлық өңiрлерде жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, оқу жылының басына қарай аяқталады», - дедi вице-министр.

 




Яндекс.Метрика