Халықаралық интеграция

«Бәйтерек» ұлттық холдингі бірқатар польшалық компаниялармен ынтымақтастықты бастайды

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев бірқатар құжаттарға қол қойды.
Әлемде25 Тамыз , 13:32

Қазақстан мен Польша мемлекет басшыларының қатысуымен Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Польша Мемлекеттік банкі, «Bank Gospodarstwa Krajowego» арасындағы келісімге қол қою рәсімі өтті. Аталған келісім Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға және кеңейтуге,  ұзақ мерзімді ынтымақтастықты  дамытуға, қазақстандық экспорт пен польшалық  тауарлар мен қызметтердің өсуіне мүмкіндік беретін инвестицияларды тартуға бағытталған. Келісім 300 млн EUR сомасына есептелген бірлескен жобаларды іске асыруды қарастырады.

Қазақстан-Польша бизнес форумы барысында Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен  Польша кәсіпкерлікті дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім  екі ел кәсіпкерлік мәселесін дамытуды, Қазақстан мен Польша кәсіпорындарын қолдауға бағытталған бірлескен халықаралық және ұлттық іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ өзара ақпаратпен алмасу салаларындағы ынтымақтастықты көздейді.

Сондай-ақ,  Холдингтің еншілес ұйымы «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» мен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасасылды.

Холдинг пен Польшалық KUKE экспорттық сақтандыру агенттігі арасында экспорттық-кредиттік операцияларды қолдау кезінде екінші рет сақтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шарт жасалды.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Польша Даму министрлігінің жауапты хатшысы  Радослав Домагалский – Лабедскимен және Польшалық KUKE экспорттық кредиттік сақтандыру жөніндегі  компания басшысымен кездесулер өткізді.

 




Яндекс.Метрика