Халықаралық интеграция

Оңтүстік Корея мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр

Ақтөбе облысы мен Оңтүстік Корея медицина саласында ынтымақтастық ауқымын арттыруды көздейді, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.
Ақтөбе25 Тамыз , 12:51

Күні кеше Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жетекші консорциумдары мен медициналық орталықтары, ғылыми-зерттеу институттары ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет саласында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде меморандумға қол қойды.

Тараптар Қазақстандағы телемедицина және радиотерапия жүйелеріндегі инновациялық технологияларды бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ электронды денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу міндеттемелерін мойындарына алды.

“Оңтүстік Корея делегациясы ұсынған жобалардың болашағы зор, сонымен қатар облыстың денсаулық сақтау саласына ғана емес, күллі республика үшін экономикалық тұрғыда тиімді. Оларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, қолжетімділік және уақытылы диагностика мен емдеу сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, - деп атап өтті Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.

Радиотерапияға қажетті қондырғылар өндірісін бірлесіп қолға алу мүмкіндігі қарастырылды. Бүгінде радиотерапия – онкологиялық ауруларды жоғары тиімділікпен емдеу әдісі. Ал шетелден алынатын радиотерапияға қажетті қондырғының құны өте жоғары.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, жоғарыда аталған жайттарды ескере отырып, Оңтүстік Кореяның жетекші ұйымдарының «Ақтөберентген» АҚ базасында заманауи, қымбат емес әрі тиімді, радиотерапияға қажетті қондырғы үлгілерін бірлесе отырып әзірлеу жөніндегі ұсыныстарының әлеуметтік маңызы зор.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты алыстан басқарылатын компьютерлік технологиялар негізінде информатика әдістерін енгізіп, дамыту. Бұл өз кезегінде тұрғындарының саны аз елді мекендерде сапалы медициналық қызмет көрсету үшін маңызды.

Ақпараттық-коммуникативті технологияның басты басымдықтарының бірі – тұрғылықты мекенге дейінгі қашықтыққа қарамастан, пациенттерге жоғары білікті диагностикалық және консультациялық көмек көрсету мүмкіндігі. Бұл процес медииналық көмектің қолжетімді және оның сапасының жоғары болуын мақсат тұтады.




Яндекс.Метрика