Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

«Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына әзірлік аяқталып келеді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына әзірлік жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің қорытынды отырысы болды, деп хабарлады Сенат.
Нұр-Сұлтан25 Тамыз , 11:17

Қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің (PNND) халықаралық ұйымы болып табылатын форум 29 тамызда Тәуелсіздік сарайында болады. Сенат Төрағасы ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне шараға әзірлік пен өткізу барысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етуді, сарапшылармен бірлесе отырып қорытынды құжатты келісуді аяқтауды, сондай-ақ форумды ақпараттық тұрғыда қолдаудың сапалы болуының маңыздылығына назар аударды.

«Конференцияның халықаралық маңызы бар, өйткені ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту және, әсіресе, Семей ядролық полигонының жабылуы – әлемдік қарусыздану тарихындағы алғашқы және соңғы оқиға», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Халықаралық конференцияға әзірлік барысы туралы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев және Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко сөз сөйледі. Жалпы және төрт тақырыптық отырыстар барысында әлемнің 50 елінен келетін 200-ге жуық қатысушылар – халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парламенттік қоғамдастықтың мүшелері, сарапшылар және азаматтық қоғам өкілдері қарусыздану және ядролық қаруды таратпаудың өзекті мәселелерін талқылайды. Конференция аясында ядролық қарусыздану мәселелеріне арналған көрме болады. Форумға 200-ден астам қазақстандық және әлемнің 25 елінен келген 50 шетелдік журналистер тіркелді.

 




Яндекс.Метрика