Басқару

Қазақстан мен Сербияның экономикалық байланысын жақсартуға бірегей мүмкіндіктер ашылуда - Н.Назарбаев

Қазақстан Президенті Сербия Республикасына сапарының қорытындысына арналған брифинг өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Тамыз , 09:01

Брифинг барысында Елбасы екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша Қазақстан мен Сербияның өзара қарым-қатынасы аясын одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

« Сербия Президентінің Астанаға былтырғы сапары және Белградқа менің осы сапарым белсенді экономикалық өзара іс-қимылдың бастауына айналады деп ойлаймын. Ол үшін қазір бірегей мүмкіндіктерге жол ашылуда. Белградтың орталығында Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылуы – халқымыз бен мәдениетімізге деген құрметтің белгісі. Бұл да өте маңызды», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев білім беру, медицина және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, құрылыс салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекеттік басшысы сапар аясында өткен келіссөздер мен кездесулер екі елдің экономикалық байланысын одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін айтты.

 




Яндекс.Метрика