Басқару

Н.Назарбаевқа Сербия Православ шіркеуінің жоғары наградасы табысталды

Елбасы Сербия Патриархы Иринеймен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде25 Тамыз , 08:37

Кездесу барысында Сербия Патриархы Ириней Қазақстан Президентіне Сербия Православ шіркеуінің жоғары наградасы – І дәрежелі Қасиетті Савва Орденін тапсырды.

Мемлекет басшысы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған еліміздің саясатына берілген жоғары баға үшін алғыс айтты.

« Қазақстанда ислам мен православие – діннің ең басты екі діңгегі. Біз елімізде тұратын барша конфессия өкіл дерінің діни мерекелерін атап өтеміз. Егер де барлық мемлекеттердің көшбасшылары осындай қатынасты ұстанса, жер бетінде бейбітшілік орнаған болар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Патриархты Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі съезінің жұмысына қатысуға шақырды.

Сербия Патриархы еліміздің бірегей тәжірибесі өзге елдер үшін, әсіресе әлемде болып жатқан қазіргі жағдайлар аясында үлгі болып отырғанын айтты.

«Сізді Сербияға, сондай-ақ барша конфессия өкілдерінің тең құқылы өмір сүруіне сіңірген барлық еңбегіңіз үшін халқымыз бен еліміздің үлкен досы ретінде осы орденмен марапаттаймыз. Біз де елімізде осындай жағдай жасалғанын қалаймыз, сол үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз», – деді Патриарх.

 




Яндекс.Метрика