Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да инфрақұрылымды жаңартуға инвестициялар бағытталып жатыр

Өскемен мен Семейде 60-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлады ШҚО ақпраттық орталығы.
Шығыс Қазақстан24 Тамыз , 19:58

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, құрылыс, білім беру мен денсаулық сақтау  саласындағы жобалардың көп бөлігін Еуропалық даму және қайта құру  банкімен ынтымақтастық  аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Басым бағыттардың ішінде жылу-сумен қамту, суды үнемдеу, дала жарығын ауыстыру, Жеңіс пен  Қазақстан көшелеріндегі көлік қиылысын жаңғырту қарастырылған. Қазір бұл жобалардың  құжатын дайындау жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қала басшылығы  ЕҚДБ ынтымақтастығының көмегімен қоғамдық көліктің көшпелі құрамын жаңартып,  кәріз коллекторын жөндей алады. 




Яндекс.Метрика