Басқару

Қазақстан мен Сербия бірқатар маңызды құжатқа қол қойды - Ақорда

Мемлекет басшысының Сербия Республикасына ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде24 Тамыз , 17:16

Келіссөздер барысында өзара мүдделілік қалыптасқан бірқатар бағыттар бойынша перспективалы жобалардың іске асырылу мәселелері қарастырылды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамуында ілгерілеушіліктің, сондай-ақ оның аясын кеңейте түсу үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы Президенті мен Сербия Республикасы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

– Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарт;

– Сербия Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шарт;

– Алматы облысының әкімдігі мен Воеводина автономиялық аймағының үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

 

 




Яндекс.Метрика