Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

300 мың адам ядролық сынақтарға қарсы қазақстандық петицияға қол қойды

«Атом» жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков барша қазақстандықтарды ядролық қаруға қарсы онлайн петицияны қолдап, оның электронды нұсқасына қол қоюды үндеп жатыр. Осының арқасында ұйым әлем қауымдастығына адамзаттың осы проблемаға қатысты ұстанымын көрсетуді көздейді.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 17:39

«Біздің сайтымызда онлайн петиция бар. Оған кез келген адам кіріп, ядролық сынақтарға қарсы өз дауысын қалдыра алады. Қазір петицияға қол қойғандардың саны 300 мың адамнан асты. Олардың ішінде шамамен 100 елдің азаматтары бар. Менің негізгі мақсатым – кем дегенде, бір миллион дауыс жинау. Ядролық қаруға толығымен тыйым салу қажет. Себебі, бүгінде терроризм деген үлкен қауіп бар.

Оның айтуынша, ядролық қару солардың қолына тисе, адамзат тағы бір трагедияға тап болуы әбден мүмкін.

«Сондықтан біз барынша көп қол жинап, Солтүстік Корея, Үндістан сияқты ядролық қаруды ұстап отырған мемлекет басшыларына үндеу тастауды жоспарлап отырмыз. Олар ядролық қаруымыз болса, ықпалды әрі күшті боламыз деп ойлайды. Алайда, ол дұрыс емес. Ядролық қару болмаса, адам баласы әлділер мен әлсіздерге бөлінбейді. Бәрі бірдей, тең дәрежеде өмір сүреді. Біздің негізгі мақсатымыз – осы», - дейді К.Күйіков.

Айта кетейік, Семей полигонында  1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізілген.1991 жылдың 29 тамызында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.1995 жылы соңғы ядролық құрылғы жойылды.  «Атом» жобасы 2013 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

 




Яндекс.Метрика