Басқару

«Азаматтарға арналған үкіметте» жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын жасау мәселесі талқыланды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жаңадан құрылған «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясында өткен жиналыста жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрын жасау, сондай-ақ топырақтың су эрозиясының картограммасын жасау күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе болды, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет».
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 18:58

Жиналысқа Мемлекеттік корпорацияның басшылығы, «Мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр» республикалық орталығы бас директорының бірінші орынбасары Асқар Ермағамбетов және  «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық байқау» аумақтық депртаменттерінің басшылары қатысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Бірыңғай мемлекеттік кадастр құру мемлекеттік корпорацияның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесінің ең ауқымды міндеті болып табылады. «Республиканың жер телімдері туралы және онда орналасқан ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар туралы барлық ақпараттар енгізілген және жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу функциясы бар жылжымайтын мүліктерінің бірыңғай кадастрын жасау қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бірыңғай кадастр жобасын жүзеге асыру барысында, азаматтарға жылжымайтын мүлікті рәсімдеуде бір мезгілде құжаттар топтамасын толық алу мүмкіндігі туады. Бұл жер телімдері мен онда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарын  рәсімдеу шаралары жеңілдеп, уақыты қысқарады деген сөз», - дейді ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрамында біріктірілген Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясын құру, Бірыңғай мемлекеттік кадастрды құрудың алғашқы қадамы болды деп айтуға болады.

Сонымен қатар, аумақтық департамент басшылары жаңа құрылымдық бөлімше шеңберінде жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады. Жергілікті жерлердегі табысты жүргізілген қайта құрылымдау өндіріс процесіне залалын тигізбестен, жаңа форматтағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, Мемлекеттік корпорацияда қайта құрылымдау процесі аяқталып, нәтижесінде лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалды және еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілді. «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» мен «Жылжымайтын мүлік орталығын» бір құрылымға біріктіру, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен кадрлық әлеуетін толықтай сақтай отырып, техникалық жабдықтауды күшейтумен қатар, жаңа композиттік қызметтерді іске қосу, қандай да бір қызмет алу үшін қажетті құжаттар топтамасын азайту, сондай-ақ кейбір қызметтердің уақытын қысқарту секілді толық  міндеттер спектрін шешуге мүмкіндік берді, оның көптеген қызметтерді көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетіні сөзсіз.  


 




Яндекс.Метрика