Басқару

Кәрім Мәсімов Ұлытаудың туристік әлеуетін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірдің тарихи ескерткіштерін аралады, деп хабарлады ресми сайт.
Қарағанды24 Тамыз , 17:57

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында, сондай-ақ бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамында туризм индустриясын дамытудың негізгі компоненттерінің бірі ретінде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесіне айрықша назар аударады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Өңірлерге жұмыс сапары аясында Премьер-Министр ішкі туризмнің даму мәселесіне көп көңіл бөледі. Бұл тұрғыда Ұлытау үлкен рөл атқарады, себебі әлемдік маңызы бар нысандардың біріне жатады.

Атап айтқанда, Ұлытаудың туристік әлеуеті Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында маңыздылығы артуда. Жаңа туристік маршрут дайындау жұмысы атқарылды, олардың арасында, мәселен «Қазақ даласының оазисі», «Ұлытау – ұлт мақтанышы», «Теміртау – металлургтер қаласы». Облыстың негізгі туристік маршруттары тізімі, сондай-ақ Астанаға сапар маршруты «ЭКСПО ұсынады (Recommendby EXPO)» деген белгідегі ұсынылған туристік маршруттар тізіміне енгізілген.

Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және туристік әлеует негізінде дамыту жұмысы туралы Премьер-Министрге мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Премьер-Министр көтерілген барлық проблемалық мәселелерді жинап, Үкіметте арнайы кеңес өткізуді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика