Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

БҰҰДБ Қазақстанның шөл аймақтарында алқаптарды құру бойынша жобаны іске қосты

БҰҰ даму бағдарламасы құдықтарды бұрғылау бойынша пилоттық жобаны іске қосты, ол жақын аймақтарды сумен қамтамасыз етіп тұрады. Бір құдықтың айналасында 1 гектар жер суды тұтына алады. Үш құдық орнатылған: «Алтын-Емел» ұлттық табиғи паркінде және Қызылорда облысында. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында БҰҰДБ тұрақты даму жөніндегі жобалар топтамасының жетекшісі Расул Рахимов.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 16:57

«Біз табиғи алқаптардың кеңейіп, сақталуына қолдау көрсетеміз. Маңызды аймақтардың бірі «Барсакелмес» және Алтын Емел». Біріншісі – біз бақылаудағы периметрді биоалуандық тарапынан қарастырамыз. Екіншісі – жаңа технологияларды пилоттау, жерлердің  босауымен күреседі», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, аймақтарды суландыру  бойынша қызықты технологиялар бар.

«Алтын Емелде» пилоттық аймақ бар, құдық суға дейін қазылады, жел генераторы бар, күн панелі бар. Автономдық режимде адамдар мен ІҚМ су ресурстарына қол жеткізе алады. Қорытындысында  шөл аймақта шағын алқап пайда болады. Біз бұл орайда апробациялаймыз, бұл фермерге орта есеппен қаншаға шығатынын есептейміз, екіншіден, бұл сол жағдай бойынша қаншалықты технологиялық тұрғыда ыңғайлы  екенін қарастырамыз», - деді ол.

Үшіншіден, Р.Рахимова айтып өткендей, бұл мемлекеттік бюджеттің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Бұл сумен қамтудың автономды жолы. Екінші тараптан, олардың саны қанша болу керектігі жайында сұрақтар бар», - деді сарапшы.

Р.Рахимов айтып өткендей,  «Алтын Емелдегі» әрекеттегі құдық жанынан тағы біреуін ашу қарастырылған. Оның технологиясы  Қызылорда облысындағы кейбір фермерлік шаруашылықтарда игеріліп жатыр.

Құдықты қазудың оң тәжірибесі  қуаттылығына байланысты, аталмыш құдық жан-жағында бір  гектар жерге дейін сумен қамтылуы мүмкін.

«Аталмыш жоба  - фермерлік шаруашылықтарға үлгі. Егер бізде ішкі резервтер болса, біз толық бір ауыл үшін құдық қазуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика