Халықаралық интеграция

Қазақстан Елшісі Украинаның агробизнес өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев Умань қаласына (Украинаның Черкасск облысы) сапармен барды, деп хабарлады СІМ.
Әлемде25 Тамыз , 09:23

Сүт өндірішулер ассоциациясы мен Бүкіл украиндық аграрлық кеңесінің өкілдерімен кездесу барысында, дипломатиялық миссияның басшысы 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» атты агрөнеркәсіп кешенінің дамыту жөніндегі бағдарламасының негізгі бағыттарын атап, Қазақстан ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті ынталандыру мен қолдау шараларын айтып кетті.

Елші шетелдік инвесторларға салық салу бойынша жеңілдіктер, жұмыс күшін еркін тартуға, күрделі қаржы шығындарын өтемақысын төлеуге қарастырылған инвестициялық артықшылықтарды жан-жақты түсіндірді және бірнеше жол торабындағы ірі көлік орталығы ретіндегі Қазақстаннан, ЕАЭО, Орталық Азия, Қытай және Иран нарықтарына тікелей жолдар ашылатындығына ерекше көңіл бөлді.

Осы ретте, С. Ордабаев Қазақстанда құрылатын ет және сүт мал шаруашылығы және одан кейінгі шикізатты ұқсату салаларындағы бірлескен қазақстан-украиндық қауымдастықтың болашағын белгіледі. Өзара тиімді үлгі ретінде, украиндық компанияларымен тығыз жұмыс жасап жүрген Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бір қатар шаруашылықтарды атап өтті.

Келіссөздер барысында, Ассоциацияның Астана қаласында жоспарланып отырған Қазақстан сүт конгрессіне (ү.ж. қазанда) қатысуына және Оңтүстік Қазақстан облысында Сүт мал шаруашылығының даму орталығын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

Технологияларды трансферлеу мүмкіншіліктерін зерттеу шеңберінде, С. Ордабаев заман талабына сай электр күшін өлшейтін аспаптарды шығаратын «Мегомметр» Умань зауытына барды. Зауыттың өнімі Шығыс Еуропа елдеріне, Прибалтика, ТМД-дағы бірқатар мемлекеттерге   экспортталады.

 




Яндекс.Метрика