Басқару

Премьер-Министр Жезқазғанда мыс қорыту өндірісін аралады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өңірдің металлургиялық даму әлеуетін бағалады, деп хабарлады ресми сайт.
Қарағанды24 Тамыз , 13:34

Кәрім Мәсімовке мыс электролизі цехы алаңында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бахтияр Қырықпышев компанияның құрылымдық бөлімшелерінің және түсті металлургияның әлемдік нарықта және еліміздегі әлеуеті жөнінде мәлімдеді.

Өткен жылы корпорацияның бөлімшелері, оның ішінде Жезқазған мыс қорыту зауыты шамамен 223 мың тонна катодты мыс өндірді, бұл жоспардағы көрсеткіштен 3%-ға артық. Әлемдік экономиканың қиындығына, сұраныс пен бағаның төмендігіне қарамастан, кәсіпорын тобы мыс өндірісін 2014-2015 жылдардың көлемімен бірдей деңгейде ұстап тұруға ниетті.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында корпорация бөлімшелері 111 мың тонна катодты мыс өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық.

2014 жылы зауыт күрделі жөндеуден өтті. Жөндеуден өткізу жұмысының жалғасы ретінде зауыт төмен сұрыпталған (құрамында металл аз шикізат) кеннен мыс өндіруші инновациялық өндіру технологиясы жобасын жүзеге асырып жатыр. Құрамында металл аз кенді қайта өңдеу Қазақстан үшін маңызды бағыттардың бірі болып есептеледі, себебі жаңа технологиялар кеніштерде жиналып қалған балансталған кенді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кәсіпорын ескі технологиялар – пирометаллургияны (электр балқыту) қолдану арқылы мыс өндіреді. Мұнымен қатар, төменгі сұрыпталған гидрометаллургиялық қайта өңдеу шикізаты арқылы катодты мыс алу үшін сынақ жұмыстары жүргізіледі.

Б. Қырықпышевтың айтуынша, инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде металлургиялық өнеркәсіптер шикізат базасын қайта құруға және 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған өндірістің тиімді жұмыс істеуін кеңейтуге мүмкіндік алады. Ал ең бастысы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Компания Қазақстанда мыс концентратын өндіру бойынша екі гидрометаллургия зауытын салуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков Премьер-Министрдің алдында Жезқазған өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жөнінде есеп берді. Оның мәлімдемесі бойынша, 2020 жылға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындарды жөндеуден өткізу, инфрақұрылым құрылысы, геологиялық барлау жұмыстары жөнінде 88 іс-шара өткізу көзделіп отыр. Қазіргі уақытта 28 іс-шара аяқталып, осы жылы тағы 7 жоба жүзеге асырылады.

 

 

 




Яндекс.Метрика