Басқару

Қазақстанда Ю. Хитрин атындағы қоғамдық сыйақы тағайындалды

Бас әскери прокуратураның қолдауымен «Әскери заңгерлер Альянсы» қоғамдық бірлестігі әділет генерал-лейтенанты Юрий Александрович Хитрин атындағы жыл сайынғы қоғамдық сыйақы тағайындады.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 12:51

Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтың пікірінше, Сыйлықты тағайындаудың мақсаты әскери құқық саласында қол жетілген жетістіктерді мойындау.  Заңды қамтамасыз ету, Қарулы күштердегі әскери тәртіпті қамту сынды талаптарды орындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл бастама Юрий Александровичтің туған күнінде кең көлемде жарияланды және оны мәңгі есте қалдыруға бағытталған.

Юрий Александрович көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, талантты заңгер-практик. Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы барысында, оның құқық қорғау жүйесінің қалыптасуының қайнар көзі болды.

Сыйақының негізгі міндеті ретінде әскери құқықты дамыту саласындағы жетістіктерді қоғамның мойындауы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы заңдылықты, әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.

Сыйақы 21 номинацияларда бес бағыт бойынша беріледі:Құқық қорғау қызметі:прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін;заң бұзушылықтармен күресте бірбеткейлік пен келісімсіздік үшін;мемлекет мүдделерін соттта сапалы білдіргені үшін;тергеу жұмысын дұрыс ұйымдастырғаны үшін;жедел-іздестіру қызметіндегі жетістіктері үшін;әскери тәртіпті нығайту ісіндегі үлкен үлесі үшін.

Әрбір бағыт бойынша арнайы және жеке номинациялар қарастырылған.Сыйақыға ұсыну бойынша сайыс мүдделі мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында өткізіледі.

Үміткерлердің ішінен үздігі келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:орындалған тапсырмалардың күрделілігі және маңыздылығы деңгейі;қол жеткізген нәтижелердің тиімділігі;бекітілген мерзімдерді сақтауы және бұйрық, өкім, нұсқау және тапсырмаларды орындау сапасы;заңдылық,  әскери және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудіге жеке үлесі;өз құзіреті шеңберіндегі мәселелерді шешудегі жеделділігі және кәсібилігі;еңбек және әскери тәртіпті сақтауы.

Бірнеше Конкурсты ұйымдастырушыдан ұсынылған лауреаттар бойынша номинацияларда, Ұйымдастырушылық комитет үздік біреуін таңдайды.

Ю.А. Хитрин 1946  жылдың 24 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. 1970 жылы С.М.Кирова атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдады.  Алматы қаласының Калинин ауданының прокуратура тергеушісінен  Қазақс КСР прокурорының бірінші орынбасарына дейін қызмет атқарды. Әскери прокуратура саласына ерен еңбегін сіңірген.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика