Өңірлер

Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешені салынады

Алматыдағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешені салынады, онда жағажайлық волейболдың 2 алаңы мен футбол алаңы енеді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы24 Тамыз , 15:34

Спорт кешені «Алматы қаласының волейбол федерациясы»  қоғамдық ұйымының  бастамасы бойынша салынады. Айта кетерлігі, футбол алаңы ең соңғы жабындымен көмкерілген, онда тәулік бойы футбол ойнауға болады.

Жалпы, спорт кешені барлық әлемдік стандартқа сай. Нысан алаңында  жағажайлық волейбол бойынша қалалық, республикалық және әлемдік сайыстар өтеді.

Спорт кешенінің құрылысы  2017 жылдың 1-ші жартысында аяқталады.

Айта кетерлігі,  бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі аясында  40 млрд теңгенің нысандары салынып жатыр, бұл 25 балабақша, 4 мектеп, 500 ауысымға баратын емхана, 150 балалар мен ересектер алаңы. 




Яндекс.Метрика