Экономика

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1,8 млрд теңге ресейлік рубльді аграрилердің қажеттілігі үшін тартуда

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1,8 млрд. теңге ресейлік рубль сомасында қарыз тарту туралы «Ситибанк» КБ акционерлік қоғамымен екі жақты кредиттік келісімге қол қойды.
Казахстан24 Тамыз , 12:29

Тартылған қаражатты қазақстандық аграршылардың қажеттіліктері үшін Ресей өндірісінің ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, кейін оны лизингке табыстауға жұмсауға жоспарланып отыр.

Қазіргі экономикалық жағдайында ұлттық валюта – теңгемен қорландыру алу жолының қиындығынан, Ресей рублімен қаржыландыру тарту, валюта нарығында тұрақсыз жағдай туындаған жағдайда, валюта тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін балама қаржыландыру көзі болып табылады, өйткені ресейлік рубль бағамының корреляциясы қазақстандық теңгеге қатынасында анағұрлым жоғары, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

Айта кетейік, Citi компаниясы 200 миллионға жуық клиент шотына қызмет көрсететін ғаламдық озық қаржы компаниясы болып табылады. Citi дүние жүзінің 160 артық  елдерінде қызмет атқарады және жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге арналған банк қызметтерін, кредиттік өнімдерді, инвестициялық банктің қызметін, бағалы қағаздармен жасалатын брокерлік операцияларды, коммерциялық операцияларға банктің қызмет көрсетуін (Transaction Services), сондай-ақ әл-ауқатты басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді (Wealth Management) бірге қосқанда, жеке тұлғаларға, компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін көрсетеді. 2012 жылы Citi өзінің 1812 жылы құрылған сәтінен бастап 200-жылдық мерейтойын атап өтті, ал 2015 жылы Euromoney баспасы Citi компаниясын дүние жүзіндегі ең таңдаулы банк деп таныды.




Яндекс.Метрика