Жастарға үндеу

Юрий Прокопенко: Болашақтықтар Қазақстанды жоғары деңгейде таныстыруы керек

Сенің жетістіктерің мен саған қарап Қазақстанды бағалайтындығын ұмытпау керек. Сондықтан да, болашақтықтарға өз отанын жоғары деңгейде таныстыру керек деп strategy2050.kz порталына берген сұқбатында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ балалар дәрігері Юрий Прокопенко айтты.
Астана қаласы30 Қараша , 16:44

-Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасы қандай мәнге ие?

-Бүгінде «Болашақтың» тигізген әсері жайлы айту қиын. Маған И.М. Сеченов атындағы Тұңғыш Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде білім алу мүмкіндігі туды. Бұл ғылыми-зерттеу кешені әлемнің жетекші оқу орындарының бірі. Себебеі, ол посткеңестік кезде қалыптасқан медициналық базасымен ерекшеленді. Олар ТМД елдерінің өзге оқу ордаларының деңгейінен жоғары болып тұрмақ.

Мәскеу мүмкіндіктер қаласы болғандықтан, мен 5 жыл аталмыш оқу ордасының белсендісі болдым. Біліктілікті арттыру курстарына қатысып, шетелге де шықтым. «Болашақ» бағдарламасы арқылы өз білімімді шыңдап қана емес, тәжірибелік білім жинадым.

-Конкурсқа қатысуға не түрткі болды?

-Мен болашақтықтардың бірінші айналымына ілігіп 2005 жылы оқуға түстім. Конкурсқа қатысуға досым кеңес берді. Алғашында шынымды айтсам, сенбедім. Алайда, таныссыз, көмексіз оқуға түсіп кеттім. Ал мамандығымды мектепте жүргенде таңдап қойғам. Тек қана Санкт-Петербор мен Мәскеудің ортасында шешім қабылдау тұрды. Мен жасаған шешіміме өкінбеймін.

-Қандай қиындықтармен кездестіңіз?

-Мен өзге елдің мәдениетіне үйренуге қиынсынбадым, себебі, менің жанымда қазақстандықтардың көп бөлігі болды. Телефон арқылы, интернет арқылы туыстарыммен жиі араласып тұрдым.

-Оқу бітіргеннен кейін мансабыңыз қалай жалғасты?

- 2012 жылы мені Ұлттық ғылыми-зерттеу медицина орталығына балалар дәрігері қызметіне шақырды. Бүгінгі таңда жұмысым мен ғылыми жұмыстарымды бірлестіре жасаймын.

-Келешек болашақтықтарға не тілейсіз?

-Тек қана оқумен шектеліп қалмаңдар. Елдің мәдениетімен танысып, қоғамдық өмірге белсенді аралассаңдар уақыттарыңыз тиімді өтеді. Қазақстанды жоғары деңгейде таныстыра біліңдер. 




Яндекс.Метрика