Білім беру

ШҚО-да үздік білім беру мекемесі 18 млн теңгелік грантқа ие болды (ФОТО)

Шығыс Қазақстанда «Үздік білім беру мекемесі-2016» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық агенттігі.
Шығыс Қазақстан 24 Тамыз, 10:03

ШҚО-да «2016 жылғы үздік білім беру мекемесі» байқауының жеңімпазы  ретінде Оралхан Бекей атындағы №44 мектеп лицейі танылды. Осы оқу орны сомасы 18 млн теңге грант алды, марапаттау рәсімі бүгін тамыздық мәжілісте өтті.

Үздік педагогтар «Білім беру саласының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды, облыс әкімі грамоталар берді.

Жаңа оқу жылында 10 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ақ Ниет» мектеп интернатының жұмысы басталды. Мемлекет сапалы білім үшін бар жағдай жасайды. Биыл    салынып жатқан 12 мектептің жетеуі пайдалануға берілді. Сондай-ақ 29 балабақша ашылады. 140-тай білім беру ұйымы «Жаңару» бағдарламасы бойынша жаңартылады.

Биыл барлық аудандарда спорттық және кадеттік  сыныптар  ашылады. Олар жастардың физикалық және рухани дамуына бағытталған. Колледж-мектептерінде тәжірибелік білім берулер енгізіліп жатыр.

 





Яндекс.Метрика