Өңірлер

Семей полигонының жабылуымен ядролық полигон тарихында жаңа дәуір басталды

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай салтанатты шара облыстық Достық үйінде болып өтті, деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” орталығы.
Ақтөбе24 Тамыз , 09:02

Оған ядролық полигон ардагерлері мен мүгедектері, локальды соғыс қатысушылары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

“Биыл маңызды жыл деуге болады, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында көптеген ауқымды шаралар ұйымдастырып келеміз. Олардың қатарында Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығы да бар. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы СЯСП жабу туралы жарлығы маңызды шешімдердің бірі болып саналады. Осы күні ядролық полигон  тарихында жаңа дәуір басталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан ядросыз әлем құрудағы көшбасшы ретінде танылды”, - деп атап өтті Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ербол Нұрғалиев.

Жергілікті атқарушы органдар осы сатыдағы адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында барлық шараларды қолға алып келеді. ҚР заңнамалары мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларында көзделген шараларды жүзеге асыруға бағыталған жұмыстар жүргізілуде.  

Мәселен, мәслихаттардың шешімдерімен Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қаласы бойынша 32 айлық есептік көрсеткіш немесе 67 872 теңге, аудандарға 50 мың теңгеден өтемақы төленді.

Қалалық мәслихат депутаттарының шешімдері бойынша, 2013 жылдан бері ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға коммуналдық төлемдерге жылу маусымы кезеңінде 1,7 АЕК (3605 теңге) төленеді, еліміздегі санаторийлерге тегін жолдамалар беріледі.

Шара барысында СЯСП жабылуының 25 жылдығына орай, ардагерлерге облыс және қала басшыларының алғыс хаттары табысталды.  

Ардагерлер мен Ақтөбе қозғалысының белсенділері 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен Астана қаласында өтетін республикалық конференция жұмысына қатысады.




Яндекс.Метрика