Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

Қарағандыда 21 отбасы жаңа пәтерлі болды

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасымен салынған петерлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Қарағанды30 Қараша , 15:45

«Мемлекеттік мереке Тұңғыш Президент күні қарсаңында бұл ерекше оқиға естен шықпас деген ойдамын», - деді аймақ басшысы қоныс тойын тойлайтындарға қарата.

Жаңа пәтерлерге 21 адам ие болды, оның ішінде бесеуі бюджет ұйымдарының қызметкерлері яғни, «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының қатысушылары, 16-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. 

Облыс әкімі Мемлекет басшысыынң тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында 2020 жылға дейін 3,2 млн шаршы метр баспана салынатындығын атап өтті. Бұл 38 мың пәтер. 

Қоныс тойын тойлаушылар атынан еңбек ардагері Таутан Жәрікбаева сөз сөйледі. Бұдан кейін облыс әкімі жаңа пәтерді аралап көрді, үй иесіне теледидар сыйлады.

 




Яндекс.Метрика