Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ИДМ: «Астана-Алматы» автожолы 2016 жылдың соңына дейін толық аяқталады

«Астана-Алматы» автожолындағы жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бүгінде Ұлттық қордан бөлінген бюджеттік қаржының 20,5 млрд теңгесі игерілді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан23 Тамыз , 19:49

«Аталмыш бағыт бойынша жұмыстар 2013 жылы Астана-Теміртау учаскесінде  және Алматы-Қапшағай (104 км)жолында жүргізілді. Бүгінгі таңда  Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай  72 км учаскесі  пайдалануға берілді», - делінген хабарламада.

Ведомство хабарлағандай, 2016 жылдың бюджеті 63 млрд теңгені құрады. 20,5 млрд теңгесі, яғни 33 пайызы игерілді.

«Бөлінген қаржы есебінен  Астана-Теміртау учаскесінде 159 км, Алматы-Қапшағай – 32 км жол толық аяқталады», - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ, Теміртау-Қарағанды-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай  учаскесін қаржыландыру  ЕҚДБ, ХҚДБ қарызы арқылы жүзеге асады. Құрылыс жұмысын 2017 жылы бастап 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика