Инфрақұрылымның дамуы

Сапалы пәтерлерді алу үшін мердігерлерді қадағалауды күшейту қажет – Платонов (ФОТО)

Бүгін Мәжіліс депутаты Артур Платоновтың төрағалығымен партиялық комиссияның көшпенді рейді өтті. «Нұрлы жол», бағдарламасы бойынша «ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту , тұрғын үй шаруашылығын нығайту» бағытындағы нысандар қаралды.
Нұр-Сұлтан 23 Тамыз, 19:03

Көшпелі рейдтің басты мақсаты  «Нқрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысандарды тексеру және өзекті мәселелерді талқылау, инженерлік-коммуникациялық қондырғылардың жұмысымен танысу болып табылады.

Рейдке қатысушылар №15 сорғы станциясына барып, 4 жылу магистралінің пайдалануға берілуін көрді.

«Миллиардтық қаражат «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы  нысандар құрылысына бөлінді. Қоғамдық кеңестерді құру бойынша мемлекеттік  қаражатты жұмсауды қатаң қадағалауға алу керек», - деді Мәжіліс депутаты Артур Платонов.

 





Яндекс.Метрика