Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

БҰҰДБ Қазақстанда көшеттерді отырғызу бойынша жобаны іске қосуды жоспарлауда

БҰҰДБ Қазақстанда көшеттерді отырғызу бойынша жобаны іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында БҰҰДБ тұрақты даму бойынша жобалар портфелінің жетекшісі Расул Рахимов.
Нұр-Сұлтан23 Тамыз , 17:19

«Қазір біз орманды сақтау бойынша  мәселені қарастырып жатырмыз. Жаһандық экологиялық  қордың қолдауы бойынша  алдағы бес жылда көшеттерді отырғызу  бойынша жобаны іске қосуды  жоспарлауда», - деді сарапшы.

Өкінішке қарай, бүгінде Қазақстанда  орман тек 4 пайызды құрайды. Р.Рахимов айтып өткендей, Қазақстан ормандары  экологияны қорғау бойынша ғана емес, ол өндірістік материал ретінде де өте қажет. Ол жиһаз бен өзге жағдайларды қолданылатын маңызды зат. Қазақстанда отандық қағаз шығарылмайды.

«Біз Үкіметті ресурстық база бойынша қолдауды жүзеге асыратын жобаны іске қосамыз. Ресурстық база – еңбекті қажет етеді, себебі ағаштар баяу өседі. Қорытындысында шаралар кешенін  дайындап, ағаштардың әр түрлі тұқымын отырғызуға мүмкіндік аламыз», - деді ол.

Сарапшы ағаш отырғызудың  қолайлы орны ретінде солтүстік, солтүстік-шығыс  және оңтүстік аймақтарын атады.

«Халықаралық сарапшылармен жүргізілген сараптама бойынша Қазақстанда экономика мен экологияға құнды болатын ағаштар сортын іздеп жатырмыз. Сарапшылар олар сексеуіл тектес ағаштар деп есептейді, біз одан өзге ағаштарды іздеп жатырмыз», - деді Р.Рахимов.

Оның айтуынша, жаһандық қағаз шығару  ірі логистика мен шикізат базасын қажет етеді.

«Жоба Жаһандық экологиялық қор көмегімен жүзеге асырылуда. Қаражат бар, концепция мақұлданды, оны Үкімет те  донор да мақұлдап қойды. Айта кетерлігі, БҰҰДБ  жобаларды ауқымдаумен айналыспайды, ел ішінде 8 млндық жоба өте ауқымды болып есептеледі.  Бір-екі пилоттық жоба жіберіп, байқап көруге әбден болады», - деді ол.

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика