EXPO-2017

Польшалық туристік палата ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге көмектеседі

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Польшаға жасаған ресми сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Польшаның даму министрі – Премьер Министрдің орынбасары Матеуш Моравецкимен, польшалық үкімет мүшелері мен туристік палата президенті Павл Невядомскиймен кездесті.
Әлемде23 Тамыз , 20:41

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша, Премьер-Министрдің орынбасары Матеуш Моравецкимен әңгімелесу барысында тараптар  Польшаның ЭКСПО көрмесіне қатысуын талқылады. Ұлттық компания басшысы халықаралық қатысушыларды тарту мен көрмеге дайындық туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда өздерінің қатысуын 97 ел мен 18 мемлекеттік ұйым растады. Барлығы 100 елдің қатысуы күтілуде. Көрмеге 5 млн адам келмек.

Өз кезегінде Матеуш Моравецки айтып өткендей, Польша Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Польша  үшін ЭКСПО-2017 көрмесі  жаңа технологиялар бойынша ғана таныстыру үшін емес, ірі жобаларды өткізу бойынша тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.

 




Яндекс.Метрика