Басқару

Үкіметке жастар ісі жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс түсті

ҚР Премьер-Министрі Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясаты мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады ресми сайт.
Казахстан23 Тамыз , 16:18

Кәрім Мәсімов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында облыс жастарымен кездесуінде өзекті мәселелерді талқылады.

Кеңес барысында көтерілген проблемалар арасында жұмыспен қамту мәселелері, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақпараттық теңсіздікті төмендету және білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ шетелге жастардың кету мәселесі болды.

«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Д.Жумин мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыруда шешімін таппай тұрған бірқатар мәселе және сәйкессіздік бар екенін атап өтті, сондай-ақ жастар ісі жөнінде ведомствоаралық комиссия құруды ұсынды.

«Мұндай комиссияны құру қажет. Оған өзім жетекшілік етемін», – деп ҚР Премьер-Министрі  жастар көшбасшысының ұсынысын қолдады.

«Синергия» ғылыми-зерттеу және білім беру қорының басшысы А.Нысанов өзге елдерде жастардың бастамасымен жүзеге асқан жобалардың көптеген мемлекеттік компанияларға қарағанда капиталдандыру жоғары екенін атап өтіп, осындай нәтижелі жобаларға арналған стараптар жүйесін әзірлеу үшін еліміздегі белсенді стартаперлерден құралған аналитикалық жұмыс тобын құруды ұсынды.

Кеңес барысында жобаларды жүзеге асыру үшін өзге де ұсыныстар айтылды, атап айтқанда, Қазақстан жастар қозғалысын қайта жүктеу, «Жасыл ел» еңбек тобын дамыту, шетелде білім алып жатқан студенттермен мақсатты жұмыстың қажеттілігі, елді мекендердегі мектептерде ағылшын тілін үйрену үшін «Teach and travel» жобасын енгізу, жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдері, еліміздің өркендеуіне жастарды да қызықтыру.

Сонымен қатар,  кітапханаларды заманауи ақпараттық орталықтарда қайта ұйымдастыру, «Жасыл сақшы» құқық тәртібі жасағын жандандыру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, сондай-ақ студенттердің ректорлар қызметін бағалау және таңдау жұмыстарына студенттердің қатысуы бойынша ұсыныстар айтылды.

Еңбек отряды жауынгерлерінің еңбекақысы уақытынан кешіктіріліп берілетіні туралы мәселені «Жасыл ел» жастар еңбек отряды облыстық штабының жетекшісі И.Мырзахметов қозғады.

Премьер-Министр бірден Білім және ғылым министрлігіне осы мәселенің себебін анықтап, жағдайды бір ретке келтіруді тапсырды.  

Сонымен қатар, түрлі мәселелерге қатысты Қостанай облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Қ.Әлімжанов, «Қазақстанның жастар Конгресі» Қауымдастығының директоры А.Сәбитов, жас кәсіпкерлер А.Нұрланова, М.Мағжан сөз сөйледі.

Кеңеске қатысқандардың сұрақтарына білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, ақпарат және коммуникация министрі Д.Абаев, мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы жауап берді.

Кеңес барысында бейнеконференция жүйесі арқылы өзге де өңірлер қосылды.  

Барлық ұсыныстар мен сұрақтарға Премьер-Министр және мемлекеттік органдардың өкілдері пікірлерін білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика